Қазақстанда жүргізушілер үшін мобильді қосымша іске қосылды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қосымшада республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының, айналма жолдардың ашылуы/жабылуы, жөндеу жұмыстары, ауа райы туралы хабар алдын ала таратылады. Сондай-ақ пайдаланушылар қосымшаны онлайн және офлайн режимде қолдана алады. Бұл қызметте республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан сервистік нысандар туралы өзекті ақпараттар болатыны да атап өтілді. Компания мәліметінше, қолданба қазір PlayMarket-те қолжетімді, жақын арада AppStore-да шығады.
Жүктелуде...