«Шымкент қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды. World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан - бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы. Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты» деп жазды министр.Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.
Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада 2-орын алды

Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада 2-орын алды
Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік жарыста 2-орынға ие болды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті.