Жұмысшылардың жалақысын төлемеген: 719 кәсіпорынға айыппұл салынды

Жұмысшылардың жалақысын төлемеген: 719 кәсіпорынға айыппұл салынды

Жұмысшылардың жалақысын төлемеген: 719 кәсіпорынға айыппұл салынды
ашық дереккөзі
50259
Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнының 18,9 мың жұмыскер алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам (жалақы) берешегі барын анықтады деп хабарлады turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары