Универсиада қауіпсіздігі Ұлттық ұланға жүктелді

Универсиада қауіпсіздігі Ұлттық ұланға жүктелді

Универсиада қауіпсіздігі Ұлттық ұланға жүктелді
ашық дереккөзі
276
Ұлттық ұланның 800 сарбазы екі аптадан кейін қаладағы қоғамдық қауіпсіздікке жұмылдырылады. Қазан айынан бастап арнайы дайындықтан өткен ұландар Алматының 8 ауданында тәртіпті қадағалайтын болады.
Қазір олар қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, ағылшын тілін үйреніп жатыр. Ал, Алматы әуежайы спортшыларды күтіп алуға арнайы терминал орнатты. 55/71 әскери бөлімі – Универсиада кезіндегі қауіпсіздікке жауаптылардың бірі. Таңмен таласа тұрып, сапқа тізілген сарбаздар қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жіберіледі. Бекітілген кестеге сәйкес, сағат 15:00-ден 23:00-ге дейін қала көшелеріндегі тәртіпті қадағалайды. Оларды тасымалдау үшін 100-ден аса әскери техника дайындалған.
Ниязтай Әлкешев, ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басқарма басшысы:
- Барлығы ағылшын тілінде 100% сөйлеп кетті деген сөз емес. Бірақ, шетелдік қонақтар қалада біздің патрульдерге кездесіп қалып, жөн сұрайтын болса, бағытын айтып, көрсетуге дайын. Сарбаздар өткен жылдың қазан айынан бастап арнайы мамандардан ағылшын тілін үйренген. Оған қоса жиі қолданылатын сөздер жинақталған үштілді кітапша дайындалыпты. Бұдан бөлек, Универсиада қатысушыларын күтіп алуға Алматы әуежайында арнайы дәліз қарастырылған. Алғашқылардың бірі болып дүбірлі жарысқа 24 қаңтарда қытай елінің спортшылары ұшып келеді. Одан кейін Канада мен АҚШ-тың қатысушылары табан тірейді.
Наиль Нуров, «Универсиада-2017» дирекциясының директоры:
- Тек Универсиадаға келетін делегация үшін 5 кедендік бақылау аймағы жұмыс істейтін болады. Ал, қажеттілік туындаған жағдайда, әуежайдағы шекара қызметі тағы 10 бақылау аймағын іске қосады. Әрбір спортшыны тексеріп, өткізуге көп дегенде 1 минут уақыт кетеді. Универсиада дирекциясы мен спортшыларымыздың соңғы дайындығы пысықталып жатыр. Қаладағы спорттық нысандар сақадай сай.

Серіктес жаңалықтары