Сейсенбі, 31 Қаңтар, 2023

Қазақстан алтын қорынан әлемде нешінші орында?

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметтеріне сәйкес, елдегі бағалы металл көлемі 2022 жылдың 1 қарашасында қазан айына қарағанда 6,7 тоннаға артты. 

Алтын қоры бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 15-орынға тұрақтады. Бұл –  Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банк есебінсіз алғандағы көрсеткіш. Еліміз Португалия (382,6 тонна) мен Сауд Арабиясы (323,1 тонна) ортасында орналасты деп жазды turkystan.kz inbusiness.kz  сайтына сілтеме жасап.

Дүние жүзі бойынша АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна), Ресей (2,2 мың тонна) елдерінде ең көп алтын қоры бар.

Ақпаратқа сәйкес, 18 қарашада Comex биржасында алтын бағасы троя унциясы үшін 1,76 мың доллардан сатылуда.

Ұлттық банк сайтында 1 грамм қымбат металл құны 26 335 теңге деп бағаланған.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button