«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Аталған бөлмеде жәбірленушіден бөлек 28 жылғы азаматша да болды және ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады», - делінген хабарламада.Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданатын болады.
Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды

Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды
16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.