Жұптық мәнерлеп сырғанау Универсиада бағдарламасына кірмеді

Жұптық мәнерлеп сырғанау Универсиада бағдарламасына кірмеді

Жұптық мәнерлеп сырғанау Универсиада бағдарламасына кірмеді
ашық дереккөзі
592
Жұптық мәнерлеп сырғанау қатысушылардың аздығына байланысты қысқы Универсиада бағдарламасынан алынды. Бұл туралы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директоры Наиль Нұров БАҚ-пен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Н.Нұровтың айтуынша, Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) спорттың бұл түрі бойынша сайысқа қатысушыларды жинай алмаған. «Өкініштісі, Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) сайысты өз деңгейінде өткізу үшін қажетті қатысушы спортшыларды жинай алмады», - деді аталған дирекция директоры.
Дегенмен, ол Универсиадаға қатысушы спортшылардың деңгейі жоғары екенін жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық студенттер спорты федерациясы тарапынан Универсиада-2017 бағдарламасынан жұптық мәнерлеп сырғанау сайысын алып тастау туралы шешім қабылданған болатын. Универсиада дирекциясы директорының орынбасары Камила Лұқпанова сайыстың бұл түріне билет алып қойғандардың ақшалары толығымен қайтарылатынын жеткізген еді. 

Серіктес жаңалықтары