Сыр өңірінде құрылыс саласында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр

Сыр өңірінде құрылыс саласында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр

Сыр өңірінде құрылыс саласында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр
ашық дереккөзі
50242
Бүгінде аймақта заманауи нысандар салу ісі сәтті жүзеге асырылуда. Соның негізінде ағымдағы жылдың 7 айында өңірде  18 жаңа нысан пайдалануға берілген. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр еліне қолдауы негізінде облыс орталығында қала көркін еселеп, ажарын аша түсетін бірқатар зәулім ғимараттың іргетасы қаланып, жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды. Бұл тұрғыда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  демеушілерді ортақ іске біріктіріп, 9 млрд. теңгеге жететін ауқымды жобалардың жүзеге асуына дәнекер болып отыр. Нәтижесінде, өңірде бір мезетте өнер сарайы, неке сарайы мен қан орталығының құрылысы басталды. Келер жылы халықаралық әуежайдың жаңа терминалы, стадион мен заманауи үлгідегі оқушылар сарайы және көпсалалы аурухана бой көтереді деп күтілуде.  width= Дамудың даңғыл жолына түскен сыр өңірінде Республика күнінде де бірнеше нысан есігін айқара ашты. Атап айтқанда, Жалағаш ауданында құны 431 млн теңгеге 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар ақ сазанымен аты шыққан Арал ауданында 150 млн теңгеге "Балықшылар монументі" мен аллея ашылып, жергілікті жұртшылықты зор қуанышқа бөледі. Ал жергілікті кәсіпкердің өз қаржысы есебінен салынған Жаңақорған ауданындағы құны 790 млн. теңгені құрайтын заманауи демалыс паркі аудандағы ең көрікті орынның біріне айналып отыр. Мұнан өзге Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында жергілікті демеушінің қолдауымен 350 млн.теңгеге "Еңбекшілер аллеясы" бой көтерсе, Қызылорда қаласындағы Автобус паркі заманауи үлгідегі стандарттарға сай жаңа 82 көлікпен толықты.  width= Аймақта алдағы уақыт еншісінде атқарылатын жұмыстар да ауқымды көрінеді. Соның ішінде келер жылдың соңына қарай Қызылорда қаласында Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан құны 3,7 млрд теңгеге 1000 орындық өнер орталығы ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Жаңа заманауи өнер ордасында мәдениет саласының симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытында концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар да өткізілу көзделіп отыр. Сонымен қатар аймақта шаңырақ көтеруге ниеттенген жастар үшін құны 1,6 млрд теңгені құрайтын заманауи үлгідегі Неке сарайы келер жылы тұрғындарға есігін айқара ашпақ. Сол сияқты бүгінде сырдың сол жағалауында тағы бір әлеуметтік нысанның іргетасы қаланып отыр. Жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайтын «Қан орталығы» жылына қан мен оның компоненттерін донациялау көрсеткішін 500-ден 10 мыңға дейін жеткізеді. Шаһардың ажарын аша түсетін тағы бір нысан – сыр халқына белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құрылысы басталған құны 1,5 млрд теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығы. Бұған қоса өңірдің Түркістан облысымен шекараласатын тұсынан демеуші есебінен құны 200 млн теңгеге облыстың кіреберіс қақпасының құрылысы да өңір үшін зор маңызға ие. Сыр елі Мемлекет басшысының биыл жариялаған «Балалар жылына» орай өз тартуын жасап жатыр. Соның ішінде демеушілер есебінен құны 1,6 млрд теңгеге 80 балалар спорт-ойын алаңын салу қолға алынды. Алдағы уақытта сол жағалауда қасбеттері заманауи талаптарға сай келетін 7-9 қабатты тұрғын үй, физика-математикалық мектеп бой көтерсе, «Қазгермұнай» ұлттық компаниясы басшылығымен келісім нәтижесінде жаңадан «Оқушылар сарайы» еңсе тіктейді.  width= Биыл өңір халқы көптен күткен шыны зауыты да алғашқы өнімдерін шығара бастады. Бүгінде кәсіпорын өндірген 6 вагоннан тұратын алғашқы өнім Шымкент, Алматы және Астана қаласына жөнелтілді. Қазіргі кезде зауыт өндірген өнімді Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстан мен Үндістан елі сатып алуға ниет білдіріп отыр. Алдағы уақытта зауыттың жанынан 8 ілеспе өндіріс ашылып, шыны талшық, композиттік материалдар, айна және тағы басқа өнім түрлерін жасау жоспарланған. Облыста түрік компанияларымен бірлескен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Биыл "Акса энерджи" компаниясымен бірге қала аумағын жылу және электрмен толық қамтамасыз ететін қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының іргетасы қаланды. Құны 215 млрд теңгеден асатын жоба 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар тағы бір түрік компаниясымен құны 13,8 млрд теңгеге жылына 24 мың тонна қызанақ пастасын шығаратын зауыт салу туралы келіссөздер жүргізілуде. KOÇ Holding құрамындағы компанияның бұл өндірісі аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экспортқа қабілетті өнімдердің қатарын толықтырамақшы. Қаланың негізгі қақпасы саналатын әуежай құрылысы да назардан тыс емес.. Осы мақсатта Болат Өтемұратов қорының тікелей қолдауымен құны 12 млрд теңге болатын "Қорқыт ата" әуежайының жаңа терминалы салынады. Қазірдің өзінде  демеушілермен 100 млн теңгеге бұрынғы терминалдың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілген. Биыл өңірде 4 жаңа білім ошағы ашылса, 8 мектепті жыл соңына дейін табыстау көзделіп отыр. Бұл тұрғыда Арал ауданының Тоқабай елді мекеніндегі апатты мектептің орнына 500 млн теңгеге жаңа білім ордасын салу мәселесі жеке инвестор қаражатының есебінен шешімін тапты. Ал, «Жайлы мектеп» Ұлттық жоба аясында 21 білім ұясы бой көтерсе, алдағы 3 жылда Қызылорда облысында 27 денсаулық сақтау нысанының құрылысы салынатын болады. Оның ішінде  орталық атқарушы органдармен бірге жасалған орнықты жұмыстардың нәтижесінде 36,4 млрд. теңгеге Қызылорда қаласынан көпсалалы аурухана мен емхана тұрғындардың игілігіне қызмет етеді. Спортсүйер қауым алдағы жылдары енді футбол ойындарын жаңа стадионда көруге мүмкіндік алатын болды. Келесі жылы облыс орталығында Болат Өтемұратов қорының тікелей қолдауымен «Қызылорда Арена» көпбейінді заманауи спорт кешені бой көтереді. Мұнда олимпиада талаптарына сәйкес 50 метрлік 8 жолды бассейн, футболға арналған жабық алаң, спорттық ойын алаңы, жекпе-жек залы болады деп жоспарланула.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Қызылорда облысы

 

Серіктес жаңалықтары