Қазақстандықтар балықты аз тұтынады

Қазақстандықтар балықты аз тұтынады

Қазақстандықтар балықты аз тұтынады
ашық дереккөзі
Бұл жайында Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан жан басына шаққанда, балықты аз тұтынатын ел екенін атап өткен жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына кемінде 16 келі балық өнімдерін тұтынуды ұсынады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 келіден аз», - деді министр.
Экономикалық зерттеулер институтының дерегіне сүйенсек, көрші Ресейде бір жылда бір адам 23 келі, ал Қытайда 43 келі балық өнімдерін тұтынады. Министрдің айтуынша, балық экспорттауға болатын ең ірі нарық Қазақстанға жақын орналасқан.