«Дәстүрлі Шәмші әнінің кеші аға буын, орта буын, жас буын әншілердің қатысуымен өтеді. Шәмші Қалдаяқовтың ән кешінде орындалмаған, орындалса да аз орындалған әндерін және Шәмші әндерін айтпаған әншілерді шақыруға тырысамыз», - деді Қалдыбек Құрманәлі.
Шәмші Қалдаяқовтың 2 жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі

Шәмші Қалдаяқовтың 2 жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі
Шәмшінің осыдан жарты ғасыр бұрын жазған «Мені ойлап жүрмісің» атты туындысы 2 жыл бұрын ғана табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі композитордың жарыққа шықпаған жаңа әнінің тұсауын бүгін, 9 қарашада Алматыдағы Республика сарайында қойылатын Шәмші әндерінің кешінде кеспек.