50377
Екі автобустың арасында тірі қалған жолаушының видеосы пайда болды (ВИДЕО)
Екі автобустың арасында тірі қалған жолаушының видеосы пайда болды (ВИДЕО)
Кеше Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі жолаушы автобусы соқтығысты. Бір адам қаза тауып, 21 жолаушы жараланды деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
Видеода екі автобустың соққының екпінімен саябаққа кіріп кеткені анық көрінеді.
Екі автобус көше қиылысында тұрған бірнеше адамды қаққан. Видеода жаяу жүргіншілердің бірі екі көлік арасында қалып кеткеніне қарамастан, аман қалған.
Екі көліктің екі жаққа кеткен кезінде ортада қалып кеткен үш адамның екеуі жерге құлап түскен. Үшінші жолаушы кездейсоқ аман қалған. Қас пен көздің арасында абдырап қалған ер адам, жерде құлап жатқан жолаушыларға көмектескен.
Апаттың мән-жайын полиция анықтайды.