50269
Аймағамбетов: мұғалімнен екі құжаттан артық талап еткен басшылық жауапқа тартылады
Аймағамбетов: мұғалімнен екі құжаттан артық талап еткен басшылық жауапқа тартылады
Мұғалімдерден екі құжаттан артық талап еткен мектеп басшылығы жауапқа тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, мұғалім күніне тек екі құжатты толтыруы керек. Олар баланың бағасын қоятын электронды журналы және мұғалімнің күнделікті оқу жоспары.
«Болды, басқа ешқандай қосымша құжат болмауы тиіс. Бұдан артық құжатты талап ету – заңбұзушылық. Бұл үшін біз жауапкершілікті қарастырдық. Қатаң жауапкершілік бар. Жалпы, біз қазір заңнамаға өзгеріс енгіздік. Енді директордың аттестациясы, ротациясы, оны тағайындау кезінде біз арнайы базадан осы басшының мұғалімдердің құқығын бұзу мәселелері тіркелді ме, тіркелмеді ме, сол ақпаратты қарайтын боламыз. Яғни, біздің әріптесіміз осы заңнаманы бұзған болса, онда ол тек қана әкімшілік жауапкершілікке тартылып қана қоймайды. Ертең басқа жұмысқа ауысқанда немесе аттестациядан өткен кезде бұл мәселе ерекше қаралатын болады. Осыны да естеріңізде сақтаңыздар!» – деді Асхат Аймағамбетов.