50904
«Ажырасу көбейеді»: Ай тұтылу кезінде не болады?
«Ажырасу көбейеді»: Ай тұтылу кезінде не болады?
8 қарашада Ай тұтылады деген болжам бар. Айдың тұтылуы адамдарға қалай әсер етеді? Бұл туралы астролог маман айтып берді деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
«Айдың тұтылуынан қорқатын ештеңе жоқ. Бұл құбылысты жылына бірнеше рет өткеріп жүрміз. Тек, Ай тұтылардан бірнеше күн бұрын және бірнеше күннен кейін адам бойында эмоционалды күй тұрақсыз болуы мүмкін. Әсіресе, бұл әйелдердің бойында көп байқалады. Сондықтан, ешкіммен жанжалдаспауға тырысыңыз. Қарым-қатынасқа да әсерін тигізу ықтималдығы бар. Осы уақыттарда ажырасу көп болады», - астролог Динара Маскеева.Сондай-ақ маман ел арасындағы күрделі жағдайларға Айдың тұтылуының еш қатысы болмайтынын да атап өтті. Айта өтейік, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Андрей Солодовниктің сөзінше, Айдың тұтылуының барлық фазасы Тынық мұхиты мен оның аралдарындағы ауқымды кеңістікте байқалады. Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібір елдерінің тұрғындары үшін тұтылудың көріну деңгейі әлдеқайда жоғары болады.
«Алайда біз үшін және Қазақстан мен Ресей көршілері үшін бұл құбылыс Ай шығудан бұрын басталады.Тіпті оның толық фазасының басында және ең жоғарғы шегінде Ай аспанда әлі көрінбейді. «Түнгі Күннің» шығуы фазаның аяқталуына қарай 17 сағат 25 минутта басталады. Айдың толық дискісі көкжиектен 17 сағат 30 минутта аспанның солтүстік-шығыс бөлігінде шығады. Бірақ тұтылудың толық фазасы тек 17 сағат 42 минутқа созылады. Яғни, Петропавлда тұтылуды бақылаудың жалпы кезеңі шамамен 12 минутқа созылады», - деді профессор.Оның айтуынша, бақылаушы неғұрлым шығысқа қарай орналасса, бұл аралық соғұрлым ұзағырақ, ал батысқа қарай болса, соғұрлым аз болады. Республика аумағының басым бөлігінде (Қостанай сызығының батысында – Балқаштың батыс жағалауы) толық тұтылу мүлде байқалмайды, құбылыстың тек жартылай фазалары көрінеді.