Дәрігер бала тілінің шығып кетуіне қатысты мифтерді жоққа шығарды

Дәрігер бала тілінің шығып кетуіне қатысты мифтерді жоққа шығарды

Дәрігер бала тілінің шығып кетуіне қатысты мифтерді жоққа шығарды
ашық дереккөзі
50328
Дәрігер-педиатр, неонатолог Анна Левадная балалардың тілі уақыт өте келе шығып кетеді деген мифті жоққа шығарып, оған нақты жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
««Бәрі өзі уақытымен», «менің танысымның баласы бес жасында сөйлеп кетті» немесе «қыздарға қарағанда ұлдардың тілі кеш шығады» дейтін ақыл-кеңестерді тыңдаудың қажеті жоқ» деп жазды дәрігер.
Ата-аналар негізінен балаларының үш жасқа толғанда әлі де болса дұрыс сөйлем құрай алмайтынын, дыбысты анық жеткізбейтінін байқап, алаңдайды. Дегенмен, бұл нәрселер ерте жаста да пайда болуы мүмкін. Мәселен, сегіз айлық бала дауысқа реакция бермеуі мүмкін, бір жасында айтылған өтінішті орындамайды, екі жасында сөздерді айта алмағаны бері тұрсын, түсінбейтін де деңгейге жетеді. Уақыт өте келе бала түстерді, жануарлардың атауын шатыстыра бастауы ғажап емес. Жас өскен сайын баланың «р», «л» секілді әріптерді дыбыстап айтуы мүлде қиындайды. Тіпті айта алмайды. Міне, осындай жағдайдың алдын алу үшін педиатр баланың неврология және психология жағынан сау болғанына мән беру қажет.

Серіктес жаңалықтары