сенбі, 12 сәуір, 2025

Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіргенімен, жеңіліс тапты

/
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіргенімен, жеңіліс тапты 2021 жылғы Азия чемпионы, қазақстандық Римма Волосенко биыл Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінде жекпе-жекке шықты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық боксшы жарысты 1/4  финалдан бастап, 60 келі салмақта моңғолиялық Номин-Эрдене Тугсжаргалмен айқасты. Төрешілердің бөлек шешімімен моңғолиялық боксшы жеңіске жетті. Алайда бұл шешім даулы болып тұр. Волосенко қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген болатын. Бірақ сонда да жеңісті қарсыласына берді.
Бөлісу: