«Айдос - біз үшін чемпион»: ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының болашағына болжам жасалды

«Айдос - біз үшін чемпион»: ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының болашағына болжам жасалды

«Айдос - біз үшін чемпион»: ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының болашағына болжам жасалды
ашық дереккөзі
50270
Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы титулды айқаста кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) нокаутпен жеңілген Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) болашағына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел Айдосты 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді.
«Өкінішке қарай, батырымыз Айдос Ербосынұлы WBA-дің чемпиондық белбеуі үшін таласта қарсыласы Дэвид Морреллден жеңіліс тапты. Бастапқы 11 раундта қос боксшы ашық, тең дәрежедегі жекпе-жек көрсетті. Алайда 12-раундта Айдостың көзінен алған соққысы жекпе-жектің нокаутпен аяқталуына себеп болды. Дегенмен, Айдос бұл жекпе-жекте қарап қалған жоқ, өзінің нағыз батыр, ержүрек екенін дәлелдеді. Бұл отандасымыздың үлкен жолға деген сапарының соңы емес, әлі де үлкен жеңістерге жететінімізге сенімдіміз. Айдос әлі-ақ төрткүл дүниеге өзін дәлелдейтін болады. Жеңіс бар жерде жеңіліс бар. Жарқын күндер әлі де алда. Айдос - біз үшін чемпион. Солай болып қала да бермек. Барша тілеулес болған жандарға ерекше алғыс білдіреміз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары