Лифтіде әйелін аяусыз cоққыға жыққан жігітке сот үкімі шықты

Лифтіде әйелін аяусыз cоққыға жыққан жігітке сот үкімі шықты

Лифтіде әйелін аяусыз cоққыға жыққан жігітке сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Астанада лифтіде әйелін ұрып-соққан азаматқа сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz елорда сотына сілтеме жасап. 3 қараша күні Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Б-ға қатысты жұбайы Ж-ның денсаулығына аса қатыгездікпен бірнеше рет орташа ауыр зиян келтіру және жүкті әйелді ұрып-соғу фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды. Айта кетсек, сотқа дейінгі тергеу барысында тағылған айыпқа сай Б. 2018-2020 жылдар аралығында жұбайының жүкті және оның материалдық тәуелді екенін біле отырып, оған физикалық және психикалық азап көрсеткен.
«Биыл 28 наурызда Б. лифтіде мас күйінде әйелін аса қатыгездікпен ұрып-соғып, тепкілеген. Осылайша әйелінің денсаулығына орташа ауыр зиян келтірілді. Оқиға лифтінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған», - деп хабарлады елорда сотынан.
Сондай-ақ, Есіл ауданының №2 соты айыпты кінәсінің қалай дәлелденгенін түсіндірді: - жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен; - сот сараптамаларының қорытындысымен; - бейнежазбамен; - сотталушы мен жәбірленуші арасындағы хат алмасумен дәлелденді. Ресми хабарламада айтылғандай, Б-ның қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жай анықталмаған. Яғни, ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыппұл салу, түзеу және қоғамдық жұмыс немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігінің санкциясымен бас бостандығын шектеу 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Сотталушының кінәсі дәлелденгендіктен, сот оған ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3, 7) тармақтары және 110-бабы 2-бөлігінің 1, 3) тармақтары бойынша 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Одан бөлек, жәбірленушінің пайдасына Б-дан 2 млн теңге сомасында моральдық және 4 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық залал өндірілді», - деп жазылған сот үкімінде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске салсақ, мамыр айында елорда полициясы лифт ішінде әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)