«Денемнің 4 жері сынды»: Күйеуінен жәбір көрген әйелге көмек керек (ВИДЕО)

«Денемнің 4 жері сынды»: Күйеуінен жәбір көрген әйелге көмек керек (ВИДЕО)

«Денемнің 4 жері сынды»: Күйеуінен жәбір көрген әйелге көмек керек (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында күйеуінен жәбір көрген әйел көпшіліктен көмек сұрады. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова айтты деп хабарлады turkystan.kz «Адырна» сайтына сілтеме жасап. 
«2022 жылдың 27-ші наурызынан 28-ші наурызына қараған түні менің жұбайым Байметов Елнұр маған қасақана күш қолданды. Денсаулыққа келтірілген зиян сот-медициналық куәландыру актісімен де, медициналық құжаттама және өзге де медициналық құжаттар бойынша сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен де расталады. Қазіргі таңда тек ҚР Қылмыстық кодексінің 107 бабының 2 бөлігінің 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Лифтте ұрып-соғу нәтижесінде тоқпан сүйек пен қабырғаларым, омыртқам сынды. Одан кейін кенеттен желке тұсымнан соққы жасап, есімнен тандырды. Бұл қылмыстың бірінші эпизоды. Аяусыз ұрып-соғу одан әрі жалғаса берді. Қорқу, өмірлік маңызды органдарға тиген қатты соққылардың салдарынан физикалық ауырсыну, сондай-ақ ұйықтап жатқан кішкентай балалардың уайымдағаным маған қандай да бір қарсылық көрсетуге мүмкіндік бермеді»,— дейді зардап шегуші. 
Әйел бірнеше мәрте полицияға арызданған. Айтуынша, тергеуші ешбір айғақты елемей отыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)