241
Б.Сапарбаевтың тіркеуге қатысты тапсырмасы
Б.Сапарбаевтың тіркеуге қатысты тапсырмасы
Бердібек Сапарбаев халықты тіркеу құжаттарын тексеруге келгендерді үйге кіргізбеу туралы ешқандай тапсырма бермеген. Осыған орай, Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі WhatsApp және өзге де әлеуметтік желілер арқылы тараған ақпараттар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыстық әкімдік тарапынан мұндай ақпарат таратылған жоқ. Көші-қон полициясы басқармасы үй аралап тіркеуді тексеру секілді арнайы шаралар өткізілмейтіндігін түсіндірді», деп жазылған баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Айта кетерлігі, облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен тіркеу жұмыстарына 40 волонтер тартылған. Олар ХҚКО-та тұрғындарға құжаттарды толтыруға көмектеседі. Одан бөлек, төлемақы қабылдайтын есептік-касса бөлімдерінде отыратын қызметкерлер саны да көбейтілді. Бұл өз кезегінде тіркеуді жылдам жүргізуге септігін тигізіп отыр.Соңғы аптада уақытша тіркеу мәселесі көтерілгелі бері алаяқтардың осы жағдайды сәтті пайдаланып жатқаны туралы түрлі ақпарат түсуде. Әсіресе, егде адамдардың, зейнеткерлердің үйіне барып, өзін ресми түрде таныстырып, қитұқрқы мақсатын жүзеге асырып жүргендер туралы мәлімет көп. Сондықтан отандастарымыздың осы орайда абай болғаны жөн.