Әлемдегі ең ірі Walmart көтерме және бөлшек сауда желісінің иесі Уолтон отбасы төртінші жыл қатарынан әлемдегі ең бай отбасы ретінде танылды деп хабарлады turkystan.kz. Отбасының байлығы – 224,5 миллиард долларға бағаланды. Айта кетейік, бір жыл ішінде Уолтон отбасы 13,7 миллиард доллар жоғалтқан. Сонымен қатар үздік үштікке кондитерлік mars өнімдерін шығарушы – Марс отбасы (160 миллиард доллар) және америкалық Koch Industrues корпорациясына иелік ететін – Кох отбасы (124,4 миллиард) кірді.
Жүктелуде...