Мысырда өткен турнирде қазақстандық спортшы алтын еншіледі

Мысырда өткен турнирде қазақстандық спортшы алтын еншіледі

Мысырда өткен турнирде қазақстандық спортшы алтын еншіледі
ашық дереккөзі
Қазақстандық Сарвиноз Миркадирова Мысырда өткен WTT Youth Contender Cairo халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық Олимпиадалық комитет хабарлағандай, 37 спортшы бақ сынаған 17 жастағылар тобында Сарвиноз кіші топта екі жеңіске жетті. Одан кейін жарыстың негізгі кезеңінде Канзи Фази, Мариам Хусейн, Каирлік Роа Закиді жеңіп, финалда неміс Йозефина Нейманнан мықты болып шықты 3:2 (8:11, 11:8, 9:11, 11:5, 11:7).