50532
Атырау облысында тұратын алып жігіт арманын айтты – ВИДЕО
Атырау облысында тұратын алып жігіт арманын айтты – ВИДЕО
Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында алып адам тұрады деп хабарлады turkystan.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы Парасат Нұрғалиевтің бойы – 2 метр 15 см, салмағы 150 келіден асады.
«Хабар 24» арнасының мәліметінше, алып жігіт екі қолға бір күрек табылғанына қуанып, қара жұмыс істейді. Құрылыс, көлік жөндеу жұмыстарының табылғанына қуанады.
Құрылыс ауылының тұрғыны Парасат Нұрғалиев: «3 адамның жұмысын істей беремін. Адамдар қарайды, қызығады. Қасымда көмектесетін адам болса, жеңіл машинаның моторын көтере беремін. Болашақта киноға түскім келеді. Арманым сол. Актер болып, Қазақстанның атын шығарсам, осындай ерекше күшімді пайдалансам деп едім», – дейді.Парасаттың 2 ағасы, бір әпкесі бар. Бауырларының дене бітімінде ешқандай ерекшелік жоқ көрінеді. Дегенмен алып жігітке орасан күш аталарынан берілсе керек.
Парасаттың ағасы Әсет Серікқалиұлы: «5-6-сынып оқығанда бұл бала ірі болды. Өзім таңғалатынмын. Күрескенде 9-сыныптың балаларын жеңетін. Темірден түйін түю, жөндеуге икемі бар. Алайда тұрақты жұмысы жоқ. Өзімнің атам ірі болған, әкем де қайратты болды. «Урал» мотоциклін көтеріп судан өтетін аталарымыз болған. Өгізді қойша жыққанын өз көзіммен көрдім», – дейді.Биыл 27 жасқа толған жас жігіттің тұрақты табысы жоқ. Ал алысқа ұзап жұмыс іздеуге киімі тапшы. Аяқкиімінің өлшемі – 56. Арнайы тапсырыспен тіктіреді. https://www.youtube.com/watch?v=N05sb-jDYUo Алып жігітке ауылдастары көмектесуге дайынбыз дейді.
Жарсуат ауылының әкімі Ербол Бөкеев: «Жан-жақтан тілшілер де, «Қазақфильмнен» азаматтар телефон соғып қызықтырып жатыр. Біз үшін де қуаныш. Жалпы, бұл Парасат ініміз ағалары бар, ағайын бар, ешқандай мұқтаждық көріп жатқан жоқ. Әрине, біз оның танымал болғанын қалаймыз», – дейді.