Ғалым Әріп: Мемлекеттің маңызды бағыт-бағдары айшықталды  

Ғалым Әріп: Мемлекеттің маңызды бағыт-бағдары айшықталды  

Ғалым Әріп: Мемлекеттің маңызды бағыт-бағдары айшықталды  
ашық дереккөзі
50296
– Биыл еліміз көптеген кезеңдерді бастан өткеріп, біршама белестерді бағындырды. Бір ғана күздегі Президент Жолдауының өзінде мемлекеттің маңызды бағыт-бағдары айшықталды. Қазір халық саяси үдерістерге, реформаларға белсене ат салысуда. Әсіресе, жастардың саясатқа араласып, қоғамда белсенді болуы – біздің болашағымыз бар деген сөз. Қазір әділетті мемлекет құрылып, заң биліктің алдына шыға бастады. Бұл – өте жақсы бастаманың негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелі істерді атқарып отырғанының дәлелі. Жақында елімізге Рим Папасы Францияк те арнайы сапарлап келді. Жер жүзіне даңқты, сөзі өтімді адамның Қазақстанды құрметтейтіні анық көрінді. Біздің бірлік пен ынтымақ жолындағы бастамаларымызды, елеулі істерімізді әңгімеге арқау етті. Көп этносқа қамқор болғанымызды дәйек қылды. Расында да қоғамда әртүрлі ұлт өкілдері нәсіліне, мәдениетіне, тіліне қарамастан бейбіт күн кешіп жатыр. Бұған қоса, жерімізде 13 мемлекеттің басшысы жиналып, ауқымды талқылаулар өткізді. Саммитте бір елдің ғана емес, бүтін Орталық Азияның, ушыққан проблемалардың жайы сөз болды. Қазақстан басшысы жиындарға төраға ретінде қатысқанын білеміз. Яғни, сөзі елеулі, дұрыс жолды нұсқай алатын тұлға ретінде танылғаны анық. Бір қазанда басы қайнамайтын елдердің өкілдерін бір алаңға жинау оңай шаруа емес. Міне, осындай дүниелер арқылы еліміз әлемдік саяси аренада өз орнын нықтап келеді. Бұның бәрі – келешектің қамы үшін жасалған амалдар.

Ғалым Әріп, ақын

Серіктес жаңалықтары