Қазақстан-Қытай арасындағы достықтың 30 жылдығына арналған кітап жарық көрді

Қазақстан-Қытай арасындағы достықтың 30 жылдығына арналған кітап жарық көрді

Қазақстан-Қытай арасындағы достықтың 30 жылдығына арналған кітап жарық көрді
ашық дереккөзі
50407
Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылдың 19 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "әл-Фараби" атындағы кітапханасында ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған «Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, ҚР Тұңғыш Президент кітапханасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан және Қытай Сыртқы істер министрліктері, аналитикалық құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. «Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» арнайы мерейтойлық басылымда 1992-2022 жылдардағы екіжақты қатынастар зерттелген. Онда ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы, ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Казахстанская правда» газеті редакциясының мұрағат материалдарының негізінде бірегей анықтамалық деректер, аса маңызды ресми құжаттар, сирек фотосуреттер жиналып, 30 жыл ішінде қол қойылған қолданыстағы келісімдер мен шарттардың тізімі жасалынды.  width=
«Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына арналған «Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысушыларды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қабылдауға қуаныштымыз. Қазақстанда синология қарқынды дамып келеді және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ синологтардың жаңа буынын дайындауда ерекше рөл атқаруда. Университетіміздің шығыстану факультетінің синология кафедрасында үш дәрежелі мамандар – бакалаврлар, магистранттар және докторанттар (PhD) даярланады. Университетте ғылыми орталықтар – Қазіргі Қытайды зерттеу орталығы жұмыс істейді, Конфуций институты да белсенді жұмыс атқаруда. Қазақстан мен Қытай арасындағы заманауи дипломатиялық қарым-қатынастар, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар, басқа да көптеген өзекті мәселелер ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет етеді», - деп атап өтті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Әсел Увалиева.
Кітаптың басты ерекшелігі – қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі үш блоктан тұруы. Ондағы ұсынылып отырған ресми құжаттардың басым бөлігі алғаш рет мемлекеттік тілге аударылғанын ерекше атап өткен жөн.
 «Бұл кітаптың ішінде бұрын басылмаған екі тарап қол қойған құжаттардың толық тізілімі және негізгі стартегиялық құжаттардың мәтіндері берілген. Көпшілікке және екіжақты қатынастарды зерттеушілерге қызықты болатын 30 жыл ішіндегі мемлекет басшылары деңгейіндегі өзара сапарлардың жылнамасы, ҚР және ҚХР арасындағы қазіргі кездегі мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуды көздейтін түрлі деңгейдегі тетіктер туралы ақпарат ұсынылған. Қытай – еліміздің ең ірі сауда серіктестерінің бірі. 2021 жылы екіжақты сауда айналымы 18,2 миллиард АҚШ долларына жетсе, а.ж. 8 айының статистикасы бойынша бұл көрсеткіш 26%-ға өсіп, 15,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Яғни жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы жаңа биік межеге жету ықтималдығы жоғары», - айтты ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев.
 width=
«Кітап оқырманға негізгі оқиғалардың панорамасын көрсетеді, онда біздің елдеріміздің көшбасшылары арасындағы байланыстың егжей-тегжейлері қамтылған, себебі олардың арасындағы коммуникациясы біздің қарым-қатынастарымыздың қалыптасуы мен дамуында басты рөл атқарған. Басылым өзінің терең талдауымен, беделді бағаларымен, жан-жақты мұрағаттық деректерімен және эксклюзивті фотосуреттерімен ерекше. ҚР мен ҚХР арасындағы қарым-қатынастың мерейтойы өткен жолға көз жүгіртіп, кейбір қорытындылар жасауға және болашаққа жоспарларды белгілеуге жақсы мүмкіндік болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына қатысу аясында Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен пандемиядан кейінгі алғашқы бетпе-бет кездескен болатын, бір ай бұрын Қытай төрағасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл оның екі жылдық үзілістен кейінгі алғашқы шетелге сапары еді. Кездесулер ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығының жарқын беттеріне айналды», - деді өз сөзінде Қытайдың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Чжан Сяо.
Басылым халықаралық қатынастар, шығыстану саласындағы дипломаттарға, мамандар мен студенттерге және Қазақстанның заманауи сыртқы саясаты мен Қазақстан-Қытай қатынастарының дамуына қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.
Кітаптың авторлық ұжымының өкілі Тимур Шаймергенов: «Ұсынылған мерейтойлық басылымның өзі біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы 30 жылдағы өзара тиімді ынтымақтастықтың көрінісі. Кітап Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі мен ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігінің және Қазақстандағы Қытайты зерттеу орталығының көмегімен тығыз және нәтижелі шығармашылық ынтымақтастықтың нәтижесінде дүниеге келді».

Серіктес жаңалықтары