Қазақстанда туберкулезден көз жұму көрсеткіші 10 %-ға азайды

Қазақстанда туберкулезден көз жұму көрсеткіші 10 %-ға азайды

Қазақстанда туберкулезден көз жұму көрсеткіші 10 %-ға азайды
ашық дереккөзі
236

Елімізде 2015 жылдың І тоқсанында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 6,1%-ға, өлім-жітім 10%-ға азайған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасай отырып BNews.kz хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге сүйенсек, 2015 жылғы алғашқы тоқсанында Қазақстанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 61,6-ны құраса, өлім-жітім 10%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 3,6 болды. Өкпе дертіне шалдыққандардың саны жылдан-жылға азайып келе жатқаны көңіл қуантады. 2014 жылы туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 9,5%, өлім-жітім көрсеткіші 16%-ға төмендеген еді. Жалпы соңғы 10 жылда елімізде бұл дертпен ауыратындар 55%-ға, өлім-жітім 77%-ға азайған. Туберкулезге шалдыққандар қатарының кемуіне республиканың барлық өңірлерінде BACTEC MGIT-960, Hain-test және G-Xpert сияқты ауруды тез анықтайтын әдістердің енгізілуі де оң ықпал еткенін атап өткен жөн. Елімізде соңғы жылдары туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау көлемі де арта түсті. 2014 жылы бұл мақсатқа 553 млн теңге бөлінді. 2015 жылғы 17-19 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандағы туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау барысын бағалау үшін ДДҰ сарапшылары келген болатын. Сапар барысында олар туберкулезді анықтау, диагностикалау және тіркеудің қолжетімділігі мен сапасын бағалады. Қазіргі таңда елімізде бұл аурумен бірінші рет ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі 86,4%-ға жеткен. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарты 85%-ды құрайды.

Серіктес жаңалықтары