Әлішер Әбдірешев: АӨСШК мақсаты – Азия елдерін біріктіру, өзара диалог құру

Әлішер Әбдірешев: АӨСШК мақсаты – Азия елдерін біріктіру, өзара диалог құру

Әлішер Әбдірешев: АӨСШК мақсаты – Азия елдерін біріктіру, өзара диалог құру
ашық дереккөзі
50558
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әлішер Әбдірешев елдегі қазіргі саяси жағдайлар туралы айтып берді. 
«Соңғы күндері Астана қаласы ерекше назарда екендігін атап өткен жөн. Қазақстанның жылдар бойы жүргізген саясатының нәтижесінде шетелдік көшбасшылар біздің елде жиналды. Жалпы, әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген қызығушылығы артқан. Еуразия орталығында орналасқан Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуда. Оның ішінде Орталық Азияда аса танымал. Егер АӨСШК тақырыбына келетін болсақ, сонау 90-жылдардан бері ұйым болу үшін АӨСШК ұзақ даму жолынан өтті. Мақсаты – Азия елдерін біріктіру, өзара диалог құру. Десе де, АӨСШК-де әлі де проблемалар бар. Оның ішінде Азия мемлекеттерінің ішінде. Бірақ бұл тенденция қалыпты жағдай. Мысалы, БҰҰ, ЕҚЫҰ ішінде де қатысушылар арасында түсініспеушілік орын алатынын көріп жүрміз. Бұл АӨСШК маңыздылығын арттырады. Ұйым қақтығыстар мен өзара түсініспеушіліктерді реттеуге тырысуы керек. Екі ел арасында диалог орнатып, ынтымақтастықты нығайту қажет, яғни, дипломатияны дамытуы тиіс. Саммит барысында қол қойылған келісімдерден басқа, жаңа қатысушылардың қосылуы да маңызды болып отыр. Кувейт АӨСШК-нің 28 мүшесі болды. Түркіменстан бақылаушы болды», - деді Әлішер Әбдірешев.
Оның айтуынша, сонымен қатар Саммит барысында Президент Тоқаев бірқатар маңызды бастамаларды көтерді. АӨСШК рөлін арттыруға қатысты, олардың арасында жастар кеңесін құру бастамасы да бар.
«Бұл Азия кеңістігінде жастар дауысының маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді. Өйткені болашақ жас көшбасшылардың қолында екенін бәрімізге мәлім. Сондай-ақ АӨСШК мүшелері арасындағы жасыл дәлізді атап өткен жөн. Бұл азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты. Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жасыл дәліздерді құру Азия елдері арасындағы қарым-қатынас саласындағы диалогты нығайтады. Өйткені кейбір елдерде, мысалы, Ауғанстандағы азық-түлік проблемалары барын білеміз. Көптеген азаматтар аштықтан зардап шегеді, тіпті, ауыз су тапшылығы байқалады. Саммит аясында осы мәселелер қаралуда. Биылғы саммит ерекше назарда. АӨСШК форумын толыққанды ұйымға айналдыру мүмкіндігі талқылануда», - деді ол.
 

Серіктес жаңалықтары