Көрменің 16 мың қонағы қайда жайғасады?

Көрменің 16 мың қонағы қайда жайғасады?

Көрменің 16 мың қонағы қайда жайғасады?
ашық дереккөзі
212
Бұл көрмеге дайындалу елорданың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. ЭКСПО көрмесі Астанаға өз мүмкіндіктерін әлемге көрсетуге, жаңа аймақтық туристік және іскер орталық ретінде инвесторларды тартуға жағдай жасайды, деді Астана қаласының әкімдігінде өткен жиналыста Әсет Исекешев.
Қала әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» компаниясымен бірлесе көрмеге дайындық жөніндегі штаб құрған болатын. Қазіргі таңда көрменің 16 мың қонағын жайғастыру міндеті әкімдікке жүктеліп отыр. Қазір Астана аумағында 12 482 орынға арналған 164 қонақ үй жұмыс істейді. Биыл тағы 2829 орындық 23 қонақ үй нысаны қолданысқа берілмек. Сондай-ақ қалада 664 келушіге арналған 25 хостел жұмыс істейді. 2017 жылдың мамыр айына дейін қонақ үйлер мен хостелдерде 15 975 орын дайындалады. Қосымша жатын орын ретінде ЖОО-лар мен колледждердің жатақханаларын және жалға берілетін пәтерлерді пайдалану жоспарланып отыр. 7345 орынға арналған 17 жатақхана (18 ЖОО) еріктілер, жұмыс сапарымен келген қызметкерлер сынды ЭКСПО меймандарын қабылдауға әзір.
1710 орынға шақталған 10 колледж жатақханасы дайындалды. Олар елдің әр аймағынан келген 40 мың оқушыны 3 күнге қабылдай алады. 2017 жылдың мамыр айына дейін жатақханаларда 9055 орын дайындау көзделген. Интернет-ресурстардың мәлімдеуінше, Астанада 18 мың пәтер жалға беріледі. Оның 3 мыңы тәулікке жалға берілуде, мұнда да 10 мыңға жуық адам қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. ЭКСПО-ны өткізу барысында ұйымдастырылатын шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленді. Көрмеге туристерді көптеп тарту үшін ол шаралар елмен қатар шетелде де таныстырылып, насихатталады, деп жазады әкімдік сайты. 

Серіктес жаңалықтары