Сот Бигелді Ғабдуллинге бостандық беруден бас тартты

Сот Бигелді Ғабдуллинге бостандық беруден бас тартты

Сот Бигелді Ғабдуллинге бостандық беруден бас тартты
ашық дереккөзі
183
Бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған CentralAsiaMonitor бас редакторы әрі Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты басты сот отырысы 17 қаңтарда өтеді.
Бұл жайында бүгін қылмыстық істі алдын ала тыңдаудан кейін қаулы шығарған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.
«Сотталушының алдын ала тыңдау барысында кінәсін мойындауға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесіне қатысты шешім қабылдауға ерте. Өйткені, бұл мәселе қылмыстық іс бойынша айғақтарды тікелей зерттегеннен кейін ғана шешілуі мүмкін. Басты сот талқылауы аясында ғана ықтимал. Осылайша, сотталушының кінәсін мойындауына байланысты сот ісін қысқартуға негіз жоқ», - деді сот қаулысын жария еткен судья Бағлан Ыдырысов.
Айта кетейік, бұған дейін Бигелді Ғабдуллиннің адвокаты Аманжол Мұхамедияров өзінің қорғалушысының барлық кінәсін мойындап, келтірген шығынды толық көлемде өтегендігін ескере отырып, қылмыстық қудалаудан босатуды сұраған еді. «ҚР Қылмыстық кодексінің 1 бабы, 1 тармақшасына сәйкес бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап өз еркiмен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтiрген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптан босатылуы мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеу барысында Ғабдуллин өзінің қылмыс жасағандығын мойындады. Жасаған ісіне өкініп, қылмысты ашуға белсенді көмек көрсетті.
Зардап шегушілерге 20 млн. 625 мың теңге көлемінде келтірген шығынын толықтай өтеді», - деді Ғабдулиннің адвокаты Аманжол Мұхамедияров. Сонымен қатар ол Бигелді Ғабдуллиннің тергеу процессі барысында қылмысты мойындағаны және тергеуге көмек көрсеткені үшін қылмыстық қудалаудан босату туралы өтініш жасағандығын айтты. «Зардап шегушілерге келтірілген залал толық көлемде қайтарылды және олар Ғабдулллинді қылмыстық қудалаудан босатуға қарсы емес», - деді Мұхамедияров. Ал прокурор болса Ғабдуллинді қылмыстық қудалаудан босатуға наразылық танытқан еді. Естеріңіге сала кетейік, өткен жылдың 16 қарашасында Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен Бигелді Ғабдуллин тұтқынға алынған болатын.
Ғабдуллин «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған болатын. Ол өз құзырындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, мемлекеттік орган жетекшілерінің іскерлік абыройына нұқсан келетін материалдарды жариялау арқылы оларға ақпараттық шабуыл жасаған. Алдағы уақытта сынауды тоқтату үшін Ғадбуллин лауазымды тұлғалардан өз медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыстар талап еткен. Олар өз кезегінде Ғабдулиннің компаниясын қолпаштап, мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттар бекітуді қамтамасыз еткен. Осыдан кейін ғана олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жарияланып отырған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінен Ғабдуллин 10 миллион теңге көлеміндегі қаражат бопсалаған. Дәл осы схемамен 7 мемлекеттік орган Ғабдуллинге мемлекеттік тапсырыс алып берген. 

Серіктес жаңалықтары