Адам баласы бұл өмірде жетістікке жету үшін кейбір ақпаратты жасырын ұстағаны дұрыс. Жалпы, құпия деген не? Қандай құпияны ашуға болады, ал қай мәліметтер жайында тіс жармаған дұрыс? Сонымен айтуға болмайтын 6 құпияны назарларыңызға ұсынамыз: Бірінші құпия: болашаққа құрған жоспар Жоспар орындалмайынша, ол туралы адамдарға айтпаған дұрыс. Кез келген ой бастапқыда әлжуаз болып тұрады. Екінші құпия: қайырымды істер Қайырымды – сирек кездесетін іс. Жақсылық жасағаныңыз үшін мақтану әдептілікке жатпайды. Мақтану – тәкәппарлықтың бір көрінісі. Үшінші құпия: тақуалық Ұйқы, күлкі, тамақ туралы шектеулеріңізді ешкімнің білмегені жөн. Тәннің шектеуі көңілдің тақуалығымен үйлессе ғана пайдалы. Төртінші құпия: жасаған ерлік Жасаған ерлік туралы айтудың қажеті жоқ. «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды» дегенді естен шығармағаныңыз абзал. Бесінші құпия: рухани байлық Рухани байлық тек сізге қатысты. Жұртшылыққа жайып абырой жинай алмайсыз. Алтыншы құпия: үйдегі ұрыс-керіс пен отбасылық өмір Отбасындағы ұрыс-керіс туралы аз айтсаңыз, ынтымағы берік болады.
Жүктелуде...