Димаштың есімі Джеки Чан кітабының мұқабасына шықты

Димаштың есімі Джеки Чан кітабының мұқабасына шықты

Димаштың есімі Джеки Чан кітабының мұқабасына шықты
ашық дереккөзі
Әнші Димаш Құдайберген актер Джеки Чанды жаңа кітабының шығуымен құттықтады. Ол кітаптың мұқабасында өзінің есімі жазылғаны үшін актерға алғыс білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сүйікті актерімді жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүние жүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда, мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің «Авангард» фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек. Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім 迪玛希 (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл үлкен мәртебе!» - деп жазды Димаш Құдайберген.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)