Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келеді – ОСК

Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келеді – ОСК

Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келеді –  ОСК
ашық дереккөзі
50299

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев оған ҚР Конституциясымен және «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сай келетінін анықтады деп хабарлады turkystan.kz.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, барлық мемлекеттік органдар кандидатты сайлауға жіберуге ешқандай кедергі жоқ екенін растады.

 width=

Сондай-ақ ОСК қол жинау үшін қажетті мөлшерде қол қою парақтарын беруге қаулы етті.

 width=

▫️«ОСК президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сай келетіндігін анықтады», – деді Орталық сайлау комитетінің басшысы Нұрлан Әбдіров.

 width=

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын Халықтық коалиция ҚР ОСК-ға кандидатты тіркеу үшін қажетті барлық құжатты ұсынды. Атап айтқанда, құжаттар жиынтығын «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» ұсынды.

Серіктес жаңалықтары