Президент сайлауы: Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсыра ма?

Президент сайлауы: Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсыра ма?

Президент сайлауы: Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсыра ма?
ашық дереккөзі
50314
Қазақстан Республикасының қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттерін келесі мерзімге қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген республика Президентіне қолданылмайды», - деді ОСК хатшысы.
ҚР Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу жөніндегі лингвистикалық комиссияның бірінші ұйымдастыру отырысы кеше, 7 қазан күні өткен болатын. Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №72/555 қаулысымен құрылған Лингвистикалық комиссияның құрамына филология, тіл білімі мен әдебиет саласындағы көрнекті ғалымдар, атап айтсақ, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Жанқара Дәдебайұлы, Гүлтас Құрманбай, Дихан Қамзабекұлы мен Анар Фазылжановалар кірген.

Серіктес жаңалықтары