50384
АҚШ-тың ең үлкен қалаларының бірінде төтенше жағдай режимі жарияланды
АҚШ-тың ең үлкен қалаларының бірінде төтенше жағдай режимі жарияланды
Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс қалаға келген заңсыз мигранттардың көбеюіне байланысты төтенше жағдай режимін жариялады деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ТЖ режимі қаладағы үйсіздерге арналған баспаналардың шамадан тыс жүктелуіне байланысты енгізілген. 60 мыңнан астам адам түнейтін орын іздеп жатыр. Соның ішінде 20 мыңға жуық бала бар.Мамырдан маусымға дейін АҚШ шекарасын 11 мыңнан астам адам кесіп өткен. Басым бөлігі оңтүстік штаттардан солтүстікке қарай "қуылды". Қала билігі мигранттардың ағынымен күресу мақсатында 23 уақытша баспана ашты. Айта кету керек, 25 тамызда Нью-Йорк көші-қон комиссары Мануэль Кастро Техас губернаторы Грег Эбботтың мигранттарға дегн адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасын сынға алды. Өз кезегінде Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс босқындарды круиздік кемелерге орналастыруды ұсынған.