50473
Қазақстанда 21 жастағы азамат есектің кесірінен қаза тапты
Қазақстанда 21 жастағы азамат есектің кесірінен қаза тапты
Жетісуда есектің кесірінен қайғылы жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты кеше, 6 қазан күні кешке «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 275-шақырымында болған. Audi A4 көлігі жолға шығып кеткен есекке соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы жүргізуші көз жұмды. Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді, – деді ЖПҚБ ППБ қызметінің инспекторы Бауыржан Бейсебаев.
Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі әлі анықталған жоқ.