Ғылыми жобаларға арналған «Жаңа Асу» грант конкурсы жарияланды

Ғылыми жобаларға арналған «Жаңа Асу» грант конкурсы жарияланды

Ғылыми жобаларға арналған «Жаңа Асу» грант конкурсы жарияланды
ашық дереккөзі
391
Бұл туралы Л.Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Бас­­қарма төрағасы – ректоры Ерлан Сыдықов есеп беру кездесуінде ха­барлады. Ішкі гранттар конкурсының мақсаты – коммерциялан­дыру мүмкіндіктері бар ғылыми жобалар мен озық идеяларды қолдау. Оған жаңа ғылыми, инженерлік, зерттеу немесе қолданбалы нәтижелерден тұра­тын өз бетінше орындалған инновациялық жобалар қабылданады. Жеңім­паз­дар 25 қазан – Республика күнінде белгілі болады. Офлайн және онлайн форматта өткен есептік кездесуде ЕҰУ рек­торы 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс қоры­­тын­дыла­ры­на тоқталып, универси­тет­тің алдағы жыл­дарға басымдықтарын белгіледі. Оған сту­денттер мен олардың ата-аналары, жұ­мыс берушілер, ғылыми-пе­да­гогикалық қауым­дастық және БАҚ өкіл­дері қатысты. Биыл ЕҰУ жетекші ғалымдары 100-ден ас­там ғылыми зерттеуді жүзеге асы­ру­да. Университет шетелдік ғалымдармен де халықаралық ынтымақтастықты белсенді да­мытуда. Өткен жылы ЕҰУ ғалымдары бір­лесе 500-ге жуық әртүрлі мемлекеттердің ма­мандары бірлесе еңбек етті. Университет ғылымының дамуында ғы­лыми кадрлардың әлеуеті аса маңыз­ды. ЕҰУ-да ғылыми дәрежесі бар про­фес­сор-оқытушылар құрамының үлесі 67 пайыз­ды құрайды. ЕҰУ-дың 14 оқытушысы ҚР профессор-оқытушылар құрамының ТОП-50 бас рейтингіне енгізілген. Рейтингте бірін­ші орынды ЖОО профессоры Ратбай Мыр­зақұлов иеленді. ЕҰУ-дың 13 оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атанды, 9 ға­лым «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын ие­ленді. Есептік кездесу барысында ректор ЕҰУ жас­тарды ғылымға тартуға баса назар аударатынын атап өтті. 2020 жылдан бастап уни­верситетте постдокторантурада оқыту жүр­гізілуде. Қолданбалы ғылыммен және әзір­лемелерді коммерцияландырумен айна­лысатын «зерттеуші-инноватор» позициясы енгізілді. 2021 жылдың желтоқсан айында уни­вер­ситет түлектерінің бастамасымен құрылған ЕҰУ Endowment қоры да талантты және мұқ­таж жастарды қолдауға, студенттердің ғы­лыми және инновациялық жобаларын қар­жыландыруға бағытталған. Білім беру қызметтері сапасының баға­лануы ЖОО үшін маңызды шарт. Өткен оқу жы­лында 21 білім беру бағдарламасы ха­лық­ара­лық аккредиттеуден және қайта аккре­дит­­теуден өтті. Университет бағдарла­ма­ла­ры­­ның 95 пайызы аккредиттелген. Бұл ретте ин­новациялық білім беру бағдарламаларын ен­гізуге ерекше көңіл бөлінеді. Өткен оқу жы­лында талапкерлерді қабылдау 262 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асы­рыл­ды. Нарықтың талаптарына сәйкес 35 ин­но­ва­циялық білім беру бағдарламасы әзірленді.

Серіктес жаңалықтары