«Ұйқы салы» немесе «Кәрі мыстан синдромы»: бастырылып қалудың себебі неде?

«Ұйқы салы» немесе «Кәрі мыстан синдромы»: бастырылып қалудың себебі неде?

«Ұйқы салы» немесе «Кәрі мыстан синдромы»: бастырылып қалудың себебі неде?
ашық дереккөзі
51802
Адамның ең қорқынышты сезімдерінің бірі – ұйықтап жатып бастырылып қалу. Мұның қорқыныштылығы сол, кейбіреулер бастырылып қалуды басқа әлеммен байланыс деп санайды. Мұның не екенін білмейтіндерге түсіндіре кетейік, бастырылып қалу немесе ұйқы салы дегеніміз – түнде санаңыз ояу жатса да, денеңіз қозғалмай, тіліңіздің байланып қалуы. Мұндай түсініксіз жағдайға жиі түсетіндер ұйықтаудан қорқып, ал ұйықтап кетсе тек қорқынышты түстер көруі мүмкін. Бірақ ұйқы салы туралы және онымен күресу, бақылау сияқты келесі фактілерді біле отырып, қорқынышты жеңіп шығуға болады. Ары кетсе бір сағатқа созылады Әдетте, бастырылу бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жетеді, бірақ одан да ұзаққа созылатын кездер болады. Қанша уақытқа созылса да, психологиялық үрейден басқа зиянды жағы жоқ, бұған дейін ұйқы салынан қайтыс болған адам тіркелген емес. Сондықтан бұл мәселеде қорқудың қажеті жоқ. Бірнеше минутқа созылған эпизодтар кейде паникалық шабуылдарға да әкеледі. Бастырылу галлюцинация тудыруы мүмкін Ұйқы салы кезінде қозғала алмай, сөйлей алмай дәрменсіз күйде жатқан кезде қорқынышты галлюцинациялар да болып тұрады. Мұндай сезімдерді бастан өткергендер бөлмеде қорқынышты бір жаратылыстың өзіне жақындап келе жатқанын көргендерін айтады. Аяқ-қолы «байлаулы» жатқан адам мұндай көрініске қалай реакция беретінін елестетудің өзі үрейлі. Паникалық шабуыл қозған кезде галлюцинация пайда болады. Біздің миымыз қорыққанымызды растау үшін түрлі образдар құрастырады. Өйткені себепсіз қорқуды ми қабылдай алмайды. Бұл, негізінен, психикалық проблемалары бар адамдарда кездеседі Егер бастырылып қалу сіздің де тәжірибеңізде болса, психологиялық проблемаңыз бар екенін білдіре ме? Былайша айтқанда, иә. Стресстің өзі – психологиялық проблема. Қанша жерден психологиялық тұрғыда саумын деп ойласаңыз да, бастырылып қалу – бір кінәраттың барынан хабар береді. Стресс те өмірлік триггерге айнала алады, сондықтан, барынша психологиялық денсаулықты қолға алған жөн. Мамандар дене мен ойды босаңсытудың ең жақсы тәсілі ретінде ұйықтар алдында асықпай терең тыныс алуды ұсынады. Ұйқы салы нарколепсия диагнозына тән ауру болып саналады, бірақ дені сау адамдарда да жиі кездесіп жатады. Ұйқы салы аса қауіпті психикалық бұзылыстың белгісі болуы мүмкін Нарколепсия – мидың ұйқы режимін реттей алмауы салдарынан туындайтын проблема. Сарапшылардың айтуынша, бастырылып қалу – мидың осы заңдылықтарды реттеу қабілетінен айрыла бастағанын білдіруі мүмкін. Ұйқы салына байланысты басқа аурулар – биполярлық бұзылыс (көңіл-күйді реттей алмау, эмоциялардың бірнеше секунд ішінде ауысуы) және өткір стресс. Егер сізде ұйқы салы проблемасы жиі болса, неврологқа бір көрініп қойған дұрыс. Бұл мүмкін болатын проблемалардың алдын алу үшін қажет. Бастырылудың жиілігі әйелдерге қарағанда ерлерде екі есе жоғары Орташа есеппен алғанда, ұйқы салына адамдар өмірінде екі реттен артық ұшыраспайды. Бірақ ер адамдар көбіне қауырт тіршілікпен жүреді де, стресске түскен жағдайда бастырылу жиі болуы мүмкін. Кейбір төтенше жағдайларда апта сайын ұйқы салымен бетпе-бет келуіне тура келеді. Жоғарыда айтып өткендей, дененің және мидың релаксацияға түсіп, тынышталуы өте маңызды. Сондықтан ұйықтар алдында асықпай терең тыныс алу көмегін тигізуі мүмкін. Күтуден басқа амал жоқ Өкінішке қарай, бастырылу эпизодтарын көріп жатқан кезде ешкім ештеңе істей алмайды. Отыз жыл бұрын бұл тіпті ұйқы салының дәлелді фактілерінің бірі болып саналмады, өйткені психология институттары бұл ситуациядан «шығудың» жолы болуы керек деп ойлады. Соңғы жүргізілген зерттеулерде ұйқы салы кезінде адам барынша физикалық қозғалыс жасауға тырыспағаны жөн екенін анықтаған. Сондықтан, бастырылудың біткенін күту ғана қажет. Генетикалық факторлар Бастырылудың ең ықтимал себебі ұйқының бұзылған циклі десек те, жаңа зерттеулер генетикалық факторлардың болуы мүмкін екенін болжайды. Кейбір дәрі-дәрмектер болмаса, әзірше ұйқы салына шалдыққан адамдарды емдейтін арнайы ем-дом жоқ. Алайда, осы материалды оқып, ұйқы салы туралы ақпарат алып, оның физикалық тұрғыдан қауіпті емес екенін білген адам үшін бұл да бір көмек болады деп ойлаймыз.

Серіктес жаңалықтары