Жер бетін алып пингвиндер мекендегенін білесіз бе?

Жер бетін алып пингвиндер мекендегенін білесіз бе?

Жер бетін алып пингвиндер мекендегенін білесіз бе?
ашық дереккөзі
Пингвиндер – қанаты ұшуға емес, суда сүңгіп, жүзу үшін жаратылған сүйкімді құстар. Бұл әдемі тіршілік иесі мұз бетінде де, құрғақ жерде де балпаң басып, қызық қозғалғандықтан, адамға еріксіз күлкі сыйлайды. Сондықтан болар, пингвиндер көптеген мультфильмнің сүйкімді кейіпкеріне айналып үлгерген. Қазіргі таңда олардың бойы бір метрден аспайды. Сондықтан болар, адам баласына ешқандай қауіп төндірмейтіндей болып көрінеді. Ал егер пингвиндер алып денелі, бойы биік, салмағы 100 келіден асса, оларға дәл қазіргідей мейіріммен қарай алар ма еді? Археологтардың айтуынша, біздің планетамызда бұрындары алып пингвиндер тіршілік еткен. Кейінірек жаңа Kumimanu biceae түріне жатқызылған мұндай пингвиннің қалдықтары Жаңа Зеландияда қазба жұмыстары кезінде табылды. Kumimanu Жер шарында, динозаврлар жойыла бастаған кезеңде, шамамен 55-59 млн жыл бұрын өмір сүрген. Қазба жұмыстарының нәтижесінде пингвиндердің бойы 175 см-ге дейін жеткендігі анықталды. Бірақ археологтарға ең ірі пингвиндердің сүйектері түсті деп сеніммен айтуға да келмейді. Сондықтан алып пингвиндер орташа  бойы шамамен 180 см болды деп болжайды.