Ата-аталар жиналысқа қатысу үшін жұмыстан босатылады

Ата-аталар жиналысқа қатысу үшін жұмыстан босатылады

Ата-аталар жиналысқа қатысу үшін жұмыстан босатылады
ашық дереккөзі
211
Биылғы жылдан бастап Бiлiм және ғылым министрлiгi "Ата-ана сағаты" ұлттық күнiн өткiзудi қолға алмақшы. Осыған орай министрлiк барлық жұмыс берушiлердi қызметкерлерiн ата-аналар жиналысына қатысу үшiн ертерек босатуды сұрайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz. "Ата-ананың бала тәрбиесiндегi рөлi төмендеп кеттi деген пiкiрмен келiсемiз. Ата-аналар жиналыстарға бармайды. Ата-аналардың 40 пайызына дейiн 11 жылда мүлде мектепке бармайды", - дедi министр Ерлан Сағадиев бүгiн жастар мәселесi қаралған Үкiмет отырысында. Биылғы жылдың көктемiнде министрлiк "ата-ана сағаты" ұлттық күнiн өткiзу бастамасын қолға алмақшы. "Бiз барлық мемлекеттiк органдар, компаниялар, жеке секторды ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы бiр-екi күнде ата-аналар жиналысына қатысуына мүмкiндiк беру керек", - дейдi Е.Сағадиев. Айта кетейiк, бұған дейiн министр Сағадиев қызметкерлердi жұмыстан уақытында босату мәселесiн көтерген болатын. Өйткенi, оның айтуынша, қазiргi уақытта жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесiне дұрыс көңiл бөлмейдi. "Жұмыс берушi қызметкерлердi уақытында, сағат алтыдан кейiн ата-аналарды үйге жiберсе, дұрыс болады деп есептеймiз. Мұндай тәжiрибе қажет. Ата-аналардың жұмыста кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары", - деген едi ол.    

Серіктес жаңалықтары