Жалғызбасты аналар «Шаңырақ» бағдарламасымен үй ала алады

Жалғызбасты аналар «Шаңырақ» бағдарламасымен үй ала алады

Жалғызбасты аналар «Шаңырақ» бағдарламасымен үй ала алады
ашық дереккөзі
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысатындар тізімінен «толық емес отбасы» алынып тасталды. Енді олар «Шаңырақ – 5-10-20» бағдарламасы бойынша ипотека ала алады деп хабарлады turkystan.kz. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» бағдарламасынан «толық емес отбасы» санаты неге алынып тасталғанын түсіндірді.
Толық емес отбасы, олар -  бала тәрбиелеп отырса да, жұмыс істей алады, балаларының дені сау. Айырмашылық – сыйақы ставкасында ғана. Әр отбасы деңгейінде шамамен 30 мың теңге айырмашылық болады, - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, мәселен, толық емес отбасы «Шаңырақ» бойынша 15 млн теңге қарыз алды делік. Алғашқы сегіз жылда ай сайын 116 500 теңге төлеп тұрады, кейін оның мөлшері 73 983 теңгеге дейін төмендейді. Ибрагимова мемлекет, ең алдымен, мүгедектігі бар адамдарды үймен қамтуға басымдық беретінін атап өтті. Еске салайық, «Шаңырақтың» шарты бойынша несиенің жылдық мөлшерлемесі - 5%, бастапқы жарна -10%. Қарыз 20 жылға дейін беріледі.