50238
ЕҚҚДБ: Қазақстан мұнай мен газ экспортынан рекордтық деңгейде табыс тауып отыр
ЕҚҚДБ: Қазақстан мұнай мен газ экспортынан рекордтық деңгейде табыс тауып отыр
Еуропа қайта құру және даму банкі «Аймақтағы экономиканың дамуы» атты баяндамасын жариялады. Онда Орталық Азияның геосаяси жағдайға қарамастан экономикасында тұрақтылық пен өсім бар деп отыр.
«Орталық Азиядағы бірнеше елде экономикалық жағдайа геосаяси жағдайға, Украинадағы әскери қақтығысқа қарамастан тұрақты», - делінген банк баяндамасында.ЕҚҚДБ мәліметінше, Орталық Азиядағы бірнеше ел ресейліктердің солар арқылы халықаралық банк картасын ашып, онда өздерінің ақшаларын сақтауға ұмтылуымен ұтып отыр.
«Қазақстан және Түркіменстан мұнай мен газ бағасының және көлемінің артуына байланысты рекордтық көрсеткішпен пайда тауып отыр. Қырғыз республикасы, Өзбекстан және Тәжікстан Ресейден аударылып жатқан ақша айналымынан пайда көріп жатыр», – дейді сарапшылар.Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сияқты өңірлік экономикалар да компьютерлерді, тұрмыстық техника мен электрониканы, авто бөлшектерді, электр және электрондық компоненттерді Ресейге кері экспорттаудан пайда көреді, бұған көбінесе шағын «шаттл» саудасы ықпал етіп отыр. Болжамға сенсек, Орталық Азиядағы елдердің экономикасын алда күтіп тұрған проблема – инфляция, ал болашақта – алған қарыздарының өсімі.
«Орталық Азия экономикасы Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан соғысынан туындаған геосаяси шиеленіске айтарлықтай қарсылық көрсетіп отыр. ЕҚДБ өңір елдерінің ЖІӨ 2022 жылы 4,3% - ға және 2023 жылы 4,8% - ға өседі », – деп қорытындылады ЕҚҚДБ мамандары.