«Хәрри Поттер» есімді кейіпкерді Роулиңке дейін ойлап тапқан

«Хәрри Поттер» есімді кейіпкерді Роулиңке дейін ойлап тапқан

«Хәрри Поттер» есімді кейіпкерді Роулиңке дейін ойлап тапқан
ашық дереккөзі
50439
Жоан Роулиң «Хәрри Поттер» есімді кейіпкерді ойлап тапқан бірінші автор емес. 25 жыл бұрын польшалық автор бұл кейіпкерді шығармасында суреттеген. «Хәрри Поттер» туралы әңгіме 1972 жылы 19 наурызда Žycie Literackie атты Польшаның әдеби журналында жарияланған. Шығарманы авторы ақын әрі қысқа әңгімелер жазудың шебері – Ян Ростворовский (1919-1975). Автор өзінің еңбегін Роулиңнің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тасқа» дейін 25 жыл бұрын жариялаған. Бір қызығы, Янның кейіпкері Хогуартстан хат алмайды. Ол шұжық пен тұзды қияр сататын дүкеннің иесі болған. Көп сөзге жоқ, «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беретін жан. Кейін аяқастынан жоғалып кетеді. Богуслав Ростворовский (Янның ұлы) айтуынша, бұл оқиға оның үйге дүкеннен ағылшын шұжығын алып келген сәттегі әсерін еске түсіру болған. Хәрри Поттер кейіпкер ретінде дүкеннің иесі болуы керек еді.  width= Ростворовский бұл есімді ойлап тапқан, алайда, сол кезде Ұлыбританияда «Поттер» тегі танымал да болған. Бәлкім, Жоан Роулиң «Хәрри Поттерді» жазатын кезде Ростворовский еңбегімен танысқан болар? Әрине, мүмкін. Бірақ бұл әңгіме жарыққа шыққан кезде Роулиң жеті жаста болған және шағын Уинтерборн деген ауылда тұрған. Хәрри Поттер туралы әңгіме 2011 жылы Польшаның интернет желісінде көріне бастады. Қазір оны өз көзіңізбен де көруге болады, яғни кітаптың электронды нұсқасы кітапханада сақтаулы тұр.

Серіктес жаңалықтары