Ресейдегі әскери комиссариатта атыс болды (ВИДЕО)

Ресейдегі әскери комиссариатта атыс болды (ВИДЕО)

Ресейдегі әскери комиссариатта атыс болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Иркутск облысы Усть-Илимск қаласының әскери комиссариатындағы атыс салдарынан әскери комиссар жараланды деп хабарлады turkystan.kz. Қару қолданған 25 жастағы азамат ұсталды. Ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 317-бабы (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу) және 222-бабы (қаруды, атыс қаруының негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, беру немесе алып жүру) бойынша жазаланады. Күдіктінің Ресейде жүргізіліп жатқан мобилизацияға байланысты реніші болған. Ал атыс кезінде ауыр жарақат алған әскери комиссар Александр Елисеевтің жағдайы тұрақталып келеді.