«Ұлы дала жорығы»: жарыста 8 команда қалды

«Ұлы дала жорығы»: жарыста 8 команда қалды

«Ұлы дала жорығы»: жарыста 8 команда қалды
ашық дереккөзі
 «Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге-марафонына қатысушылар 800 шақырымды жүріп өтті. Сегізінші күннің қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысының командасы үздік деп танылды. Айта кету керек, мәреге небары 400 шақырым жол қалды. Алайда марафонның ауыр сынағына төтеп бере алмай, жарыс жолынан шығып қалғандар да бар. Жоба төрешілерінің бірі Жанбатыр Бекмұсаев Алматы қаласы командасының жарыстан шығу себебін түсіндірді.  width=
«Ауысып мінуге әкелген ат әлсіздеу еді. Сондықтан жарысқа жарамай қалды. Регламентке сәйкес, екі шабандоз ғана қалса, команда жарыс жолынан шығады. Дегенмен екі шабандоз жеке дара мәреге жетуге тәуекел етіп отыр», – деді Жанбатыр Бекмұсаев.
Жалпы, қазіргі таңда 19 команданың 8-і жарысты жалғастырып жатыр. Ал 11 команда түрлі себептермен жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін марафоншылар Бетпақдала шөлінде тоғызыншы кезеңді еңсеруде. Кешке қарай олар Түркістан облысының аумағына жақындап, Созақ ауданының Ақсүме және Бақырлы ауылдарына ат басын тірейді.  width= Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте елордадан 100-ден астам шабандоз аттанып, олар Түркістанға дейін 1200 шақырымды жүріп өтуі тиіс болатын. Марафон 100 шақырымдық 12 сатыға бөлінген. Түркістан қаласына бірінші болып жеткен команда «Ұлы дала сарбазы» атағымен және 30 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады. 2 және 3-орын иегерлері сәйкесінше 20 000 000 теңге және 15 000 000 теңге жүлдені қанжығаға байлайды. Марафонды «AMANAT» партиясы, «The Great Steppe Tour» қоғамдық қоры мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.