Жатақханада көз жұмған студентке қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Жатақханада көз жұмған студентке қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Жатақханада көз жұмған студентке қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкенттегі жатақханада көз жұмған 1-курс студентіне қатысты тың дерек шықты деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.  Түлкібаста 9-сыныпты бітіріп, Шымкенттегі Манап Өтебаев колледжіне оқуға түскен Нұрхат Дүйсен 22 қыркүйекке қараған түні жатақханада қайтыс болды. Марқұмның туыстары аталмыш колледж ғимаратына жиналып, екі күннен бері кешірім сұрамақ түгілі, қоңырау да соқпаған колледж басшыларын жауапқа тартуды талап етіп отыр. Нұрхаттың анасы қыркүйектің бірінен бастап Шымкентке оқуға кеткен ұлының үздіксіз ақша сұрағанын,  оған әлімжеттік жасалғанын жеткізді.
Ол Шымкентке келгелі жан-жақтан ақша сұрай бастады. Туыстарынан, әпкелерінен сұраған. Менің ойымша, одан ақша талап еткен. Қорқытқан. Маған оны жүрексініп айта алмады, – дейді марқұмның анасы Айжан Қашағанова.
Марқұмның сауалына жауап беретін оқу орнынан бір адам табылмады. Бірақ Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева келіп, 15 адаммен арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмысы жүргізілетінін айтты.
Өз ісіне жауапсыздықпен қарап, бақылау жұмысын дұрыс жүргізе алмағаны үшін аталған оқу орнының басшысы қатаң жауапқа тартылады, – деді Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.
Туыстары тергеуге күмәнмен қарап отыр. Себебі қылмыстық кодекстің бабын тым жеңіл деп санайды. Тіпті күдіктілер белгілі болса да, ешкімге айып тағылмаған. Сондай-ақ олар полицейлердің селқостығына да наразы. Өйткені қайғылы жағдай болғанына екі күн өтсе де, жатақхана ішіндегі камералар әлі қаралмаған. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындалып, бір баппен қылмыстық іс қозғалғанын тілге тиек етті. Марқұмның туыстары сараптама қорытындысы өзгеріп кете ме деп алаңдаушылық білдірді. Сондықтан бұл істі Бас прокуратураның өзі қатаң бақылауға алғанын қалайды. Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкенттегі Манап Өтебаев атындағы оқу орнының жатақханасында 1- курс студенті қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.