1-курс студенті жатақханада көз жұмды

1-курс студенті жатақханада көз жұмды

1-курс студенті жатақханада көз жұмды
ашық дереккөзі
Шымкентте 1-курс студенті жатақханада көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы полициясының кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан хабар түскен. Онда колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны айтылған. Куәгерлердің айтуынша, бір студент жас жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Кейін студенттер жедел жәрдем шақырған. Бірақ жас жігіт медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.