Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 қыркүйек күні сағат 15.00-де Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы атындағы көшеде болған.
«1996 жылғы тұрғын көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Себептері мен оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайтын болады», - деп хабарлады ведомстводан.Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, марқұм тоғызыншы қабаттан секірген.