Астанада жаңа Ту мен Елтаңба пайда болады

Астанада жаңа Ту мен Елтаңба пайда болады

Астанада жаңа Ту мен Елтаңба пайда болады
ашық дереккөзі
Елорда мәслихаты бүгінгі отырыста Астананың жаңа рәміздері - туы мен елтаңбасын бекіту туралы шешім жобасын дайындады деп хабарлады turkystan.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, құжатта елорда рәміздерінің сипаттамасы мен пайдалану тәртібін қарастырылған. Сонымен Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті «Бәйтерек» пен «Шаңырақ» бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. «Бәйтерек» белгісі негізінде «Құсқанаты» оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді «Н» әрпі орналасқан, «Құсқанаты» оюы және «Н» әрпі алтын түсті. «Шаңырақ» белгісі мен «Құсқанаты» оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті «Бөрікөз» оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті ASTANA деген жазуы бар. ASTANA жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады. Құжатта елорданың елтаңбасын қолдану тәртібі де айқындалған.