Алаяқтар тұрғындарға салық төлеу туралы жалған хабарлама жібере бастады

Алаяқтар тұрғындарға салық төлеу туралы жалған хабарлама жібере бастады

Алаяқтар тұрғындарға салық төлеу туралы жалған хабарлама жібере бастады
ашық дереккөзі
Мемлекеттік кірістер комитеті банктің мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажеттігі туралы жалған хабарламалар жіберумен байланысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Комитет хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен, мобильдік қосымша арқылы электрондық тәсілмен жіберілетінін атап өтті. Фейк хабарламаны қалай анықтаймыз? Мыналарға назар аударыңыз: • хабарламаны жіберушіні қате көрсету, мысалы, «ҚР салықтары» АҚ»; • мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек, мүлік салығы - жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі; • салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдері бар: көлік салығы бойынша – 1 сәуірден кешіктірмей, мүлік салығы бойынша – 1 қазаннан кешіктірмей. Тиісінше хабарламалар осы мерзімге дейін әрбір салық бойынша жіберіледі. Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы - ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады; Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.
«Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Осыған байланысты, анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады», - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.