Белгілі қоғам қайраткері, профессор, тіл жанашыры Асылы Осман «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz. Қала күні қарсаңында «Сүйем сені, Алматы!» ретро-фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында әкім Ерболат Досаев алматылық бірнеше қоғам қайраткерін құттықтады. Сондай-ақ Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқаны үшін Асылы Османды «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттап, 1 млн теңге ақшалай сертификат табыстады.
Жүктелуде...