Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Қостанай облысында салынатын 91 үйдің 55 учаскесінде іргетас құйылды

Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әулиекөл ауылындағы құрылыс барысымен танысты деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы – 100 шаршы метр. Сондай-ақ, үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне барлық қажетті инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы жүргізіледі. Үйлерге апарар жолдарға асфальт салынады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, ҚазҚСҒЗИ жобалау институтының геологиялық ізденістері негізінде су басудың алдын алу мақсатымен іргетастарды жерасты суларынан 2,5 м қашықтықта орнату бойынша жоба әзірленген.

Қостанай облысы

7 қыркүйекте 13 мердігерлік ұйым құрылыс жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда барлық үйдің қазаншұңқырлары қазылды, 55 учаскеде іргетас құйылып, екеуінде іргетас блоктарын орнату аяқталды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша алаңда орнатылған бейнекамералардың арқылы құрылыс барысы онлайн режимде бақыланып отыр. Әлихан Смайылов барлық қажетті жұмыстар үшін Үкімет 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлгенін атап өтті.

«Қазір әкімдік пен мердігерлердің алдында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде – 2 айда сапалы аяқтау міндеті тұр. Бұл мәселе Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында. Сондықтан, тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарау керек», – деді Үкімет басшысы мердігер компаниялардың өкілдеріне.

Қостанай облысында салынатын 91 үйдің 55 учаскесінде іргетас құйылды

Сондай-ақ, Премьер-Министр Әулиекөл ауылындағы мектеп базасында құрылған эвакуациялық пунктіге барып, зардап шеккендермен кездесті.

«Тұрғындардың алапат табиғи өрт салдарынан қандай қиын жағдайға тап болғанын білеміз. Осындай қиын сәтте мемлекет барлық қажетті қолдауды жылдам көрсетті. Бұл жұмыс жалғасады», – деді Әлихан Смайылов.

Қостанай облысында салынатын 91 үйдің 55 учаскесінде іргетас құйылды

Үкімет басшысы Президенттің тиісті тапсырмалар беріп, жағдайды жеке бақылауына алу үшін оқиға орнына арнайы келгенін атап өтіп, көпшілікке алғысын жеткізді.

«Осындай қиын-қыстау кезеңде сабырлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, халқымыздың бірлігін көрсетіп, отандастарына қол ұшын созған барлық қазақстандықтарға да алғыс білдіргім келеді», – деді Әлихан Смайылов.

Қостанай облысында салынатын 91 үйдің 55 учаскесінде іргетас құйылды

Қостанай облысында салынатын 91 үйдің 55 учаскесінде іргетас құйылды

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button